Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев: КЕЛЕР ЖЫЛЫ АУЫЛДАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Облысымызға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу барысында бюджет параметрі 2023 жылға 476,1 млрд. теңге көлемінде айқындалды.

Бұл 2022 жылға жеткізілген көлеммен салыстырғанда 239,5 млрд. теңгеге немесе 202 пайызға жоғары. Оның ішінде субвенция көлемі 2022 жылғы 184,2 млрд.теңгеден 2023 жылы 400,5 млрд. теңгеге немесе 2 есеге артып отыр.

Осылайша, 2023 жылға облыс бюджетінің көлемі 520,7 млрд. теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, жыл ішінде бюджетті нақтылау барысында облыстың бюджет көлемін республикалық трансфеттер және өз кірістері есебінен ұлғайтуға жұмыс жасаймыз. Оған ұсынылатын жобаларымыз бар.

Бұл 2022 жылға ұсынылған бюджет көлемінен (361,1 млрд. теңге) 160 млрд.теңгеге немесе 45 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар бюджет құрамында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы 2023 жылға 53,1 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде даму шығыстарының үлесі 44,5 млрд.теңгені құрап, 2022 жылдың бекітілген бюджетімен (12,5 млрд.теңге) салыстырғанда 32,0 млрд. теңгеге немесе 3,5 есеге артты.

Келер жылы ауылдар мен елді мекендердің әлеуетін арттыруға басымдық беріледі. Бюджетті бекіту барысында қала және аудандарға қосымша 15 млрд. теңгені бағыттаудамыз.

Бұл қаржы халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын жобаларға, яғни, инженерлік-инфрақұрылымдарға (жол, су, газ, электр, абаттандыру), әлеуметтік нысандар құрылысына жұмсалады.

Облыс әкімі Н. НӘЛІБАЕВТЫҢ Қызылорда облыстық мәслихаты сессиясында сөйлеген сөзінен

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған