ГАЗ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Ауылдық округ тұрғындары үшін жағымды жаңалықтың бірі биылдан бастап Абай, Досан елді мекендерінде газ желілерінің құрылысы бастау алмақ. Ауқымды жобаға бюджеттен барлығы 663 млн. теңге бөлінді. Бұдан бөлек биыл Досан ауылындағы №4а, 9а, 15, 17, 20 көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстары және Абай ауылындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, сиыр фермасы мен Махамбетов көшелерінің қиылысын, Досан ауылындағы №1 көшесін жарықтандыру жұмыстары қолға алынды.

Өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында округте 5 көше жөндеуден өтіп, Досан ауылындағы №17-көше жарықтандырылды. Досан ауылын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 ұңғыма орнатылып, үш каналға тазарту және қазу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Досан ауылына талапқа сай электр қуатын жүргізу, медициналық бекет салу, ауылішілік жолдарын жөндеу және Абай ауылы, сиыр фермасына ауыз су жүргізіп, жол салу, «Дарбас», «Арғын» бейіттерін қоршау, балалар ойын алаңын салу, жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Бұдан бөлек, бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде округте 207 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен 113,1 млн. теңге қаржыны құрайтын 13 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант аясында жалпы құны 11 млн 26 мың 800 теңгені құрайтын 9 жоба мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды.

Сейдуали ӘБДІҚАДЫРОВ Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған