1 маусым – балаларды қорғау күніне орай шаһарымызда кең көлемді шаралар бастау алды. Соның бірі, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен, демеушілердің демеуімен өткен балаларға сый-құрмет іс шарасы.Мерейлі мерекеге орай партияның қалалық филиалы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың 150-ге жуық бүлдіршініне кинотеатрға жолдама ұйымдастырды.

Қаламыздағы «Aray City Mall» ойын-сауық орталығында өткен мерекелік шарада партиямыздың белсенді мүшелері, кәсіпкерлер балаларға тәттілер мен сусындар ұсынып, естен кетпес қызықты сәттің куәсі болды. Киносеанс соңында барша балалар мен ата-аналар партияның демеушілік қорына, атсалысқан кәсіпкерлерге Алғысын жеткізді.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған