Қызылорда қаласының прокуратурасы әлеуметтік көмек көрсету барысында заңдылықтың сақталуына талдау жасады. Жәрдемақы сомасы бұрын қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленіп, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қызметшілер, Ауған, Таулы Қарабах, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль және Семей ядролық полигонындағы сынақтарға қатысушыларыөмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек тағайындалған 938 азаматтардың құқықтары шектеліп, оларға 3 205 215 теңге кем төленгені белгілі болды. Прокуратураның араласуынан кейін тиісті прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп бүгінгі таңда мәслихаттан қаржы бөлу мәселесі қаралуда, аталған азаматтардың құқықтары қорғалатын болады.
Қызылорда қаласының прокуратурасы