2022 жылы ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы бастау алды. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық округтегі Көкшетау және Қазалы көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, аяқ сумен қамту мақсатында 2 ұңғыма пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Туран ВодСтрой» ЖШС-нің демеушілігімен балалардың ойын және тренажер алаңы салынды.
– Биыл ауылдық округтегі 8 көшеге, яғни О.Сауытбаев тұйығы, Құмкөл, Сейхун, Отырар, Сырдария, 7-ші көше, Көкшетау, Қазалы көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілмек. Ал, Ақтөбе мен № 7 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылып, А.Құнанбаев көшесінде орналасқан балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 5 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату, 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, 13 көшеге талапқа сай электр желісін жүргізу мақсатында әзірленген жоба-сметалық құжаттар «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында қаржыландырылуға ұсынылды. Жоба қолдау тапқан жағдайда жұмыстар атқарылатын болады, – деді ауыл әкімі.
Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округте 150 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Өткен жылы 18 ауыл тұрғыны әр түрлі бағытта кәсіпкерлікті дамытуға несие беру орталықтарынан 55,8 млн. теңге несие рәсімдесе, 7 адам 8,6 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал, Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу» бойынша Талсуат ауылдық округіндегі 2 шаруа қожалық 2,2 млн. теңге субсидия алды.
Айбек ЖЫЛҚЫБАЙ
Талсуат ауылдық округінің әкімі