Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы алаңында партияның «Ауыл аманаты» жобасын іске асырудың жолдары талқыланды. Жиынға партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және пилоттық ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.

«Ауыл аманаты» жобасы негізінен халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. «Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Жоба аясында 2023 жылға Қызылорда облысына 3,0 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Барлық ауылдық округтері бойынша скрининг жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде қазіргі таңда жобаға қатысатын 25 пилоттық ауылдық округтер айқындалды. Айқындалған ауылдық округтер бойынша халық саны 47 676 адамды құрайды, оның ішінде жұмыссыздар саны 872 адам.

Бүгінгі күнге өңірде 5 бағыт бойынша 600 жобалар пулы қалыптастырылды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту (ауыл шаруашылығы кооперативтері негізгі (техника, мал) және айналым қаражатын сатып алуға) – 653,8 млн. теңгеге 28 жоба; ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, өңдеу және қайта өңдеу (ет, сүт өндірісі) – 655,5 млн. теңгеге 18 жоба; өсімдік шаруашылығын дамыту (жылыжайлар, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын өндіру) – 308,0 млн. теңгеге 55 жоба; мал шаруашылығын дамыту (мал басын ұлғайту, бордақылау және өнім алу үшін) 1 227,9 млн. теңгеге 360 жоба және өзге бағыттағы 139 бизнес жобаларға – 154,8 млн. теңгеге қаралып отыр. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде, аталған ауылдық округтер бойынша 636 жаңа жұмыс орындары ашылады. 3580 бас мал сатып алып, сүт және ет өндірісін 3 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмыссыздар санын 35 пайызға дейін азайту және ауыл халқының орташа табысын 15-20 пайызға арттыру көзделуде. Кездесу барысында Партия Хатшысы өзекті бизнес-жобалардың тізбесін және жеңілдікті кредиттер алу тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. Партия Хатшысы өңірдегі сапары барысында Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындарға жобаның маңыздылығын түсіндіріп, олардың ұсыныс -пікірлерін тыңдады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған