«Қауіпсіз қала» акциясы ұйымдастырылдыЖаздың ыстық айларында адамдар салқындау, демалу мақсатында көлге, өзенге тағы басқа су қоймаларына шомылуға барады. Алайда қауіпсіздік ережелерін елемеген азаматтар тек өздерінің ғана емес, балалары мен жақындарының өміріне қауіп төндіреді. Соңғы жылдары кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің суға кету фактілері жиілегені байқалады.Осыған орай, «Қауіпсіз қала» акциясы аясында тұрғындар көп баратын жағажай демалыс орындарында ескертпе үнпарақтары таратылып, К.Бәйсейтова көшесінің бойында орналасқан сарқырама маңына ескертпе тақтайшасы орнатылды.«Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен бастау алған «Қауіпсіз қала» акциясының мақсаты – бала қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс(мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.
Қала көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға жасалған талдау көрсеткендей, негізгі себептер судағы қауіп¬сіздік ережелерінің өрескел бұзылуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі екені байқалады. Осыған байланысты суға шо¬мылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға қала әкімдігі, «Жастар рухы» жастар қанаты жанынан құрылған еріктілер мен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тұрақты қатысып тұрады. Аталған жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады.