Бүгін конференцияда «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ағымдағы жылдың атқарған жұмыстарымен алда тұрған міндеттері туралы Қызылорда қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ш.Әбдірахманов баяндады. Осы отырыста қалалық мәслихат депутаты, конференнция делегаты, А.Мұсабаева қалалық партия филиалының жыл бойы атқарған жұмыстарына баға бере отырып ой пікірін білдіріп оң бағасын берді. Екінші Қызылорда қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракцияның 2022 жылғы 12 айда атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы фракция жетекшісі Ж.Нұрымбетов баяндама жасады. Конференцияға Саяси кеңес бюро мүшелері, саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, өндіріс, білім, денсаулық, кәсіпкерлік сала өкілдері делегат болып сайланған. Конференцияға сайланған делегаттардың құрамында 13 – білім саласының, 10 – денсаулық сақтау саласының, 2 – орта және кіші бизнес, 2 – өндіріс орындарының, 4 – үкіметтік емес ұйым, 3– облыстық және қалалық партия аппаратының өкілдері, 2- «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, 35 – бастауыш партия ұйымдарының төрағалары делегаттардың құрамына кірді. Конференция соңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттары бірауыздан бекітілді

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған