ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов партияның қалалық филиалының депутаттық фракция отырысына қатысты. Жиынға партияның қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері, облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің, «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның өкілдері және ауыл әкімдері қатысты. Фракция отырысының күн тәртібінде:1.Сайлау науқаны кезінде азаматтардан түскен ұсыныстар мен тілектердің орындалуы туралы;2. 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қаралған іс шаралардың орындалу барысы жайлы;3. «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды.Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша баяндама жасаған партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева депутаттық фракция мүшелерінің ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. Тұрғындар тарапынан сайлау науқанында келіп түскен өтініш тілектерді салалық ерекшеліктері мен мәселе сипатына қарай барлық 166 ұсыныстың 114-і инфрақұрылымдық, 40-ы әлеуметтік, 12-і демеушілік және қаржылай көмек сұраған болатын. Ағымдағы жылдың 01.08 күнгі ақпаратына сәйкес жалпы 166 ұсыныс тілектің 103-і (62,04%) орындалса, партияның Жол картасы аясында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаламызда маңызды бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтеруде: ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесімен); Өнер сарайы; Облыстық қан орталығы; Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені, т.б. Қарауылтөбе мен Талсуат ауылдық округтерінде 150 орындық екі ауыл клубтарының құрылысы жүргізілуде, жыл аясында ел игілігіне табысталады.Қызылорда қаласында үш ауысымда оқытатын 6 мектеп бар, бұл мәселені шешу мақсатында 4 мектептің жанынан 1850 орынға лайықталған қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Жалпы, білім беру, денсаулық сақтау және спортқа қолжетімділікті арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстар үнемі бақылауда. «AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында осы кезге дейін қаламызда салынып жатқан 10 нысанға Партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, оның бесеуі білім ошағы.Фракция отырысы барысында ауыл халқының әлеуетін арттыруға арналған партияның «Ауыл аманаты» жобасы да кеңінен талқыланды.Жиында облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Сарсенбаев Қайрат Әубәкірұлы аймақта және Қызылорда қаласында «Ауыл аманаты» жобасының атқарылу барысын баяндады. Қазіргі таңда Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер мен кенттерден 31 жоба дайындалған босла, алдағы уақытта арнайы құрылған кеңес мүшелерінің отырысында әр жоба жан-жақты талқыланады. #AMANAT