Осымен бесінші мәрте аталып өткен «Ұлттық домбыра» күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде ауқымды шаралар ұйымдастырылды.Соның ішінде «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы қалалық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен аталмыш мереке қарсаңында «Домбыра party» ұйымдастырып, көпшілікті қызықты кештің куәсі етті.
Шараға сала бөлімі мен қатар ауылдық округтардағы БПҰ-ның өнерпаздары атсалысты.Кеш барысында «Jastar ryhy» ЖҚ облыстық филиалының белсенділері көрермендерге блиц-сұрақ жүргізіп, дүбірлі думанға ерекше леп берді.
#AMANAT