Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Тал егу – сауапты іс!» облыстық экологиялық акциясына қатысып, Орталық мешіт аумағында ағаш отырғызды. Іс-шараға ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті мемлекеттік мекеме және құқық қорғау органдарының басшылары, белсенді жастар қатысты. Экоакцияға қатысушылар 500 көшет ексе, жалпы қала аумағына 3500 ағаш отырғызылды. Биыл Қызылорда облысының тазалық, көркейту және абаттандыру жұмыстарымен белсенді айналысатын елді мекендері «Үздік аудан орталығы»,«Үздік ауыл» және қала ішіндегі «Үздік мөлтек ауданы» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған