Қармақшы ауданында мереке күндері ауылдық округтегі мекемелер, қоғамдық жұмысшылар көркейту, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауыл тазалығын сақтады. Қуаңдарияда жыл сайынғы дәстүрге айналған әр жылғы тумалары өткізетін Наурыз тойын биылғы жылы 1978 жылғы туылған ауыл тумалары өткізуде. Мереке өтетін «Жастар» аллеясына қараша үйлер және шатыр тігілді. Қараша үйлердің іші-cырты қазақы нақышта жабдықталған. Сонымен қатар қол күрестен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар демеушілердің арнайы дайындаған сыйлықтармен марапатталды.
Түстен кейін ауыл сыртындағы ипподромда жүйрік[1]тер бәйгесі өткізілді. Ат жарыста жүлделі орын алған азаматтарға демеушілердің дайындаған сертификаттары және бағалы сыйлықтар табысталды. 1978 жылғы азаматтар келесі жылғы Наурыз тойын өткізуші 1979 жылғы тумаларға сәттілік тілеп эстафеталық жалауды аманаттап тапсырды. Наурыз мерекесі құтты болсын.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар