Қағылмаса жыр дабыл, ән қанаты,

Арнауы Таусылар тыңдаушының жан тағаты.

Жырласа талмайтұғын, таңдай тілім,

Халықтың махаббаты, мархабаты.

Сырға барсаң жыршымын деме деген,

Байтаққа мәлім елміз дархан аты.

Өңірде өнер сарай бой көтерді,

Әсемдікпен қаланған әр қабаты.

Ағайын, баршаңызға құтты болсын,

Ақ сарайдың ашылу салтанаты..

Біз едік сүлейлердің дарынды ізі,

Жалғанды жалт қаратқан жалын жүзі.

Өнер мен руханиятпен ерімей ме,

Жаныңның, жүрегіңнің қалың мұзы.

Қаншама жақсы, жайсаң тұлға келді,

Өмірінде өлмейтін бар үлгісі.

Министр ханым өзі ортамызда,

Көпшілікке жайдары мәлім жүзі.

Қадамыңыз қайырлы, құтты болсын,

Қадірменді Аида Ғалымқызы.

Майталман , марғасқалар жиылды кіл,

Жанымыз соны көріп сүйінді бір.

Түркісойдың хатшысы Сұлтан Раев,

Бір көтеріп тастады ұйымды бұл.

Сіз де Сырдың бойына қош келдіңіз,

Қонақ келсе құт саулап құйылды нұр.

Мемлекеттің басшысы бұл аймақты,

Қамқорлыққа алуды бұйырды кіл.

Тапсырманы тас қылып Машбекұлы,

Тарқатуда күрделі түйінді кіл.

Қос тойы қабат келіп жатқан аймақ,

Жұмылып жұдырықтай түйілді бір.

Басқа ғимараттарды айтпағанда,

Осы сарай толтырды бүйірді бір.

 Мәдениетке мән беріп Сыр елінде,

Руханиятқа арналды биылғы жыл.

Тіршіліктің тұтатып ақ шырағын,

Аналар ғой төгетін пәк шуғағын.

Көктемнің мерекесі құтты болсын,

Баршаңызға баянды бақ сұрадым.

Бізде «Анаға тағзым» деген орталық бар,

Президент кеп ашқаны жақсы мәлім.

Қыз баласын қадірлей білген халық,

Бұл өмірдің татпайды ащы жағын.

Аруларым нұр кетпей жанарыңнан,

Шырқаңдар тек сұлулық жастық әнін,

Сөзімді тәмам қылып олай болса,

Көзеп көзін ашқандай тас тұманың.

Қолымдағы бабамның домбырасын,

Соңымдағы қараға тапсырамын..

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған