Заманының заңғар сұлтаны Сұлтан Бейбарыс -мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс. Беріш руынан тараған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға.
Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, медреселер мен емханалар, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары сақталған. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған. Сұлтан Бейбарыс 1277 ж. шілденің 1-інде Дамаск қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасының күмбезінің астына жерленді.
Бейбарыс бабамыздың есімін ұлықтау мақсатында маусым айында Мысыр елінде бабамызға арналған арнайы салтанатты жиын өтеді. Сұлтан Бейбарыстың өз заманында Мысыр елінде салдырған мешіті бар. Сол мешіттің іші қазақтың оюларымен өрнектелген. Қазір де сақтаулы. Күрделі жөндеуден өтті. Конференция аясында сол Мысыр мешітінің қайта қолданысқа берілу шарасына Қазақстаннан арнайы делегациямен қатысу жоспарланып отыр. Бұл – Қазақ елі мен Мысыр елінің достығының үлкен бір нышаны.
Бахытбек Ақжан
Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті