“Ақмешіт ақшамы” газетінің жарық көруіне өзіндік қолтаңбасы бар, мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы, Үкімет басшысының орынбасары, министр, бірнеше облыстың, оның ішінде Қызылорда облысының да әкімі болған Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953-шы жылы 9 ақпанда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында дүниеге келген.
Жаныңыз жәннатта болсын...
МӘҢГІЛІК ЭПИТАФИЯСЫ
Ер есімі ескірмейді!
Ол – анық!
Тұрады ылғи жадымызда жаңарып.
Асқақтайды ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰЛҒАСЫ,
Алты Алаштың махаббатын оранып!
Қазақ үшін күн жайлатып, түн шолып,
Қайрат қылды– қабырғасын мың сөгіп!
Жүрегі оның – Мәңгілікпен үндесіп,
Туған елдің кеудесінде тұр соғып!
ШАҺИЗАДА ӘБДІКӘРІМОВ
Қызылорда облысының Құрметті Азаматы