Көктемгі алғашқы мереке қарсаңында барлық жерде барша әйелдер қауымы құрметіне мерекелік шаралар өткізіледі. Құттықтау шаралары қарсаңында 68 мемлекеттік мекемесінің арулары арасында 8-наурыз халықаралық мерекесін атап өтті.

Ең алдымен, мекеме басшысы Ильясов Қайырбек Есентайұлы мекеме арулары мен ардагер аналарды мерекемен құттықтап,  мекеме қызметкерлерінің анасын “Офицердің анасы” төсбелгісі мен мекеме арулары мен ардагер аналарды грамота табыстады. Сонымен қатар, мекемеде бірнеше жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагерлер өз лебіздерін білдіріп, мекеме басшысына алғыс білдірді.

Айта кетейік, мекеме жігіттерінің тарапынан мекеме аруларына сыйлықтарын табыстап, мерекелік концерт ұйымдастырып, аруларға арналған бейнеролик көрсетілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған