Оқиға Қарасай ауданында болған.

Алматы облысында әскерден келген сарбазды туыстары аспанға оқ атып қарсы алған. Осылайша жақындары отан алдындағы борышын өтеп келген жігітті құттықтаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Полиция департаментінің мәліментіше, оқиға Қарасай ауданында болған. Сондай-ақ, атыс қаруын қолданғандарға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуір күні Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атқан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Меруерт Морякова.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған