Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде өз-өзіне қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға бейім сотталған азаматтарға мекеменің психолог мамандары мен Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан бірлесіп, діни бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда, мекемеде сотталғандар арасында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен тергеу мекемесінде түрлі тақырыптарда жоспарға сай іс-шаралар, психологиялық тренингтер мен діни экстремизм-терроризм бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, бүгінгі түсіндірме жұмысында өз-өзіне қол жұмсаудың адамға келер зияны мен психологиялық тұрғыда адамға кері әсер беретінін және діни тұрғыда дұрыс емес екендігін жазасын өтеуші азаматтарға айтты.
- Адамның ең басты құндылығы ол-денсаулық. Бүтін денсаулығымыз бен болашағымызға өз қолымызбен балта шабуға қауқарлы болудың қажеті жоқ. Өмір тоқтап қалмайды, алға қарай жылжи береді. Уақыты келгенде сіздерде бостандыққа шығып, жаңа өмірге бейімделіп, отбасыларыңызға қосыласыздар. Сіздер қайратты, және батыл бола білулеріңіз қажет, сіздерді отбасыларыңыз сарғая күтуде деп- жазасын өтеушілерді жігерлендірді мекеменің психолог маманы.