Дәл қазіргі уақытта мәдениет саласының майталмандары референдум учаскелеріне келіп, дауыс беруде.

Бұл ретте, аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылдық Ғафурдин Жанұзақов атындағы клубы жанынан құрылған «Сұлу-ай» әжелер ансамблі дауыс беруге келді.

Әр жылдары құрамы жаңартылып отырған ансамбль мүшелері көпшілікті саяси науқанда таңдауларын жасауға шақырды.

Бүгінде «Сұлу-ай» әжелер ансамблі аудан көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған