Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы, ал елдің ең үлкен үміті – өскелең ұрпақ. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, еркін дамуына, өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Конституцияда бекітілген білім алу, еңбек ету, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау секілді негізгі қағидаттар ұрпақ болашағының берік негізін қалайды.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдық жауапкершілігін қалыптастыру айрықша маңызға ие.
Конституцияны құрметтейтін, өз құқығы мен міндетін терең түсінетін ұрпақ – елдің ертеңгі дамуы мен тұрақтылығының кепілі.
Дана Ахетова