Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі кітапхана – сотталғандарды тәрбиелеу мақсатына қолданылады. Мұнда штаттық негізде  Сәруар Батыржан Сәруарұлы кітапханашы болып  жұмыс жасайды.  Жаңадан келген жас маманның айтуы бойынша:

          -Тергеу мекемесінде кітапхананың басқа  кітапханалардан ерекшелігі мұндағы оқырмандар, заңды бұзып істі болған азаматтар.  Сондықтан, камераларға кітап тарату үшін арнайы бақылаушы қызметкерлердің жол көрсетуімен  бірге жүріп барамын. Ал, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар өздері келіп,  қалаған тақырыптағы шығармаларды таңдап оқи алады. Кітапты оқуға алған сотталғандардың кітаптарын алып оларды арнайы тіркеу журналына аты-жөндерімен тікеледі.  Бүгінгі таңда,  кітапханада 4000 мың дана кітап қоры бар. Жыл басында мекеме бастығының кестесіне сай жоспар жасалып, сол жоспар негізінде әртүрлі  іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда жазасын өтеушілер арасында көбіне әдеби кітаптарды қалағанмен, арасында танымдық, кейде діни кітаптарды оқуға сұраныстар артады. Сондықтанда,  кез- келген кітаптар мен газет журналдар сөрелерге қойылардан бұрын,  мекеме  теологтары мен қызметкерлер тарапынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттардың бар жоқтығын анықтау мақсатында  арнайы  тексерістен өтіп, мөр басылады.

          Мекемеде жазасын өтеуші азаматтар арасында кітапхана қызметкерімен бірлесіп түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, облыстық және қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандарын арнайы шақырта отырып, кітаптар көрмесі ұйымдастырылады. Осы негізде, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана қызмекерлері тергеу мекемесіне жыл басында 45 дана кітап сыйласа, №1 қалалық орталықтандырылған кітапханасының қызметкерлері 20 дана кітап сыйға тартты. Мекеме кітапханасындағы кітаптардың сотталғандардың өмірге деген көзқарасын қайта бағыттау мен оң тәрбие берудегі маңызы зор- дейді, АКАӘПТЖББ-нің кітапхана маманы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған