Науқастар, әсіресе, Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында көп тіркелген.
Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80 пайыздан астамы егілмеген, оның жартысынан көбі ерікті түрде бас тартудың себебінен болып отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында.
Министрдің мәліметінше, республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82 пайыздан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83 пайызы вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкентте – 3 016 жағдай, Алматыда – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв – 1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар.