Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызында бүкілхалықтық референдумында қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес елімізде президенттік басқаруды күшейту, жергілікті жерлерде атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру, құқықтық мемлекет құруды реформалауды тереңдетуге бағытталған шаралар нақты түрде қолға алына бастады. Осы кезеңде Қазақстан Үкіметі аппаратының басшысы Бердібек Сапарбаев 1995 жылғы 29 қыркүйекте Президенттің жарлығымен облыс әкімі болып тағайындалды.

Облыстың экономикалық және әлеуметтік жай-күйі 1995 жылы құлдырау шегіне жеткен еді. Оған дәлел кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштері бұрынғы жылдармен салыстырғанда 83%-ға төмендеді. Осы кезеңде облыс өнеркәсібінің негізін құрайтын 7 ірі кәсіпорын өз жұмысын толық тоқтатты. 97 кәсіпорын іркіліспен жұмыс істесе, оның 20-сы лажсыздан жартылай еңбек күніне көшті. Осыдан келе облыс бойынша алғанда табельдік жұмыс күнінің 52%-ы жоғалып отырды. Халықтың негізгі күнкөріс көзі болып отырған күріш өсіру саласы десек, оның гектар түсімділігі 25 центнерге дейін құлдырады. Осы кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі шараларын жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізуге жол ашылып, Қызылорда облысы әкімінің 1996- 1998 жылдарға реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламасы қабылданды. Онда макроэкономикалық салалардағы қол жеткен нәтижелерді тұрақтандыру және құрылымдық институттарды қайта құруды қамтамасыз ету, өндірістің құлдырауын тоқтатып, осының негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ету көзделген болатын. Облыста орта мерзімді бағдарламаға сәйкес реформаны тереңдету жалғасын тапты.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев қызметке тағайындалысымен, тауар өндірушілердің әлемдік нарық жағдайына бейімделуіне жәрдемдесуге, басым бағыттағы өндірістің дамуы мен шетел капиталы енуінің жаңа үлгілері мен жолдарын іздестіруге, меншік қатынастарын жаңартуға маңыз берді. Өңірдің табиғи ресурстары мен жалпы әлеуметтік экономикалық дамуын талдаудан өткізіп, облыстың дотациялық өңірден бюджетке мол қаржы құю мүмкіндігі бар өңірге айналу механизмін көрсетіп дәлелдеуі негізінде облыс экономикасын көтеру мақсатында Қызылорда экономкалық аймағын құру туралы ұсыныс жасады. Арнайы экономикалық аймақ құруға батыл қадам жасап, шешім қабылдауы жеке тәуекелшілдік емес, осы мәселе жөнінде өңірдің өтпелі кезеңдегі нарықтық шаруашылыққа көшуінің теориялық, методикалық аспектілері қаралған. 1995 жылы жарық көрген «Арнайы экономикалық аймақтар құру тәжірибесі» кітаптарының авторы болғандықтан, іштей ғылыми-теориялық дайындығының болуы да әсер етті. ҚР Президентінің 1996 жылғы 8 қазанындағы №3123 Жарлығымен Қызылорда қаласына «Арнайы экономикалық аймақ» мәртебесінің берілуі мұндағы өнеркәсіп өнімінің жандануына үлкен ықпал жасады. Негізгі мақсат өнеркәсіп және басқа салалардағы инвестиция тартуға әрекет жасай отырып экономикалық басымдылықты қалыптастыру еді. Ол үшін қолда бар табиғи қорларды тиімді әрі кешенді игеру, аймақтың сыртқа тауар шығару мүмкіншілігін арттыру, сырттан тасымалдау өндірісін дамыту, өндіріс күштерін тиімді дамыту, жоғары қуатты өндіріс орындарын құру, өнімнің жаңа түрлерін шығару, инвестициялар тарту, кәсіпкерлік қызметті жандандыру және әлеуметтік-экологиялық қиындықтарды шешу керек болатын. Осыған байланысты аймақты жедел өркендету бағытындағы шұғыл іс-шаралар жасалды. Бұл үшін Қызылорда АЭА-ның Әкімшілік кеңесінің күшімен қала экономикасын басқару тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. Түрлі меншік түрлеріне жағдайлар жасалынды, өзара еңбек бәсекелестігін жетілдіру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа мүмкіндіктерін ашу және жаңа өнеркәсіп орындарын құру қарастырылды.

Экономикалық құлдырау процесін тоқтатып, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы ізденістерінің, атқарылған жұмыстардың бастысы – табиғи байлықтарды игеру, шикізат секторын дамыту. Негізінен мұнай саласы мен тау-кен өндірістері өнімдері көлемінің өсуі есебінен өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемін көтеру мүмкін еді.

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

Ресми ақпарат:

71 жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев өмірден озды.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

2014-2015 жылдары Үкімет басшысының орынбасары болды. Әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі болды.

2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. 2019-2020 жылдары тағы да Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болды. Одан кейін «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына қайғыра көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Әлихан Смайылов Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсіміне қатысты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты Алматыда өтіп жатқан аза тұту шараларына қатысты.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

 Өз кезегінде Премьер-Министр Үкімет мүшелері және өзінің атынан көңіл айтты.

– «Бердібек Машбекұлы өзінің еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Қай қызметте болсын, халық мүддесіне бар күш-жігерін жұмсап еңбек етті. Бердібек Машбекұлының ерен еңбегі мен жарқын бейнесі халық есінде мәңгі сақталады», — деді Әлихан Смайылов.

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Белгілі отандасымен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар облыс әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері келді.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап-ақ жерасты байлықтарын игеруге шетел капиталы мен технологиясын пайдалануға тура келді. 1993 жылдың 9 қарашада «Казгермұнай» мұнай-газ бірлескен кәсіпорыны құрылды. 1995 жылдың 22 тамы­­зында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметінің келісіміне сәйкес «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы екі ел арасында отын және энергетика саласын бірігіп игеру мақсатындағы бірлескен кәсіпорын ретінде дүниеге келді. Ресейдің алып мұнай компаниясы «Лукойлмен» келісімге келген Қазақстанның мұнай және газ компаниясы сонан бері көмірсутегі қоры – мұнай мен газ өндіруді және өңдеуді қолға алды. Бертін келе «Оңтүстікмұнай-газ» өндірістік бірлестігіне шетелдік инвестор тарту мақсатында жекешелендіріп, канадалық «Харрикейн Хайдрокарбонс ЛТД» холдингіне берілді.

1997 жылғы 27 маусымында тек республика емес, ТМД елдері арасында бірінші болып Қызылорда арнайы экономикалық аймағының тұсаукесер таныстырылымы болып өтті. Шараға 17 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері, 15 халықаралық ұйымдардың өкілдері, республика министрліктері мен комитеттерінен, ғылыми орталықтарынан, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шымкент облыстарынан арнайы өкілдер қатысты. Тұсаукесер барысында өзара ынтымақтастық, іскерлік байланысты бағдарлайтын меморандум қабылданды. Шетелдіктермен агроөнеркәсіп кешені 7, экология саласында 4, өнеркәсіп саласы бойынша 2 келісім жасауға қол жеткізді. Халықаралық банктер, қорлар, басқа да донорлық институттармен байланыс үйлестірілді, мұның өзі шетел капиталының бізге ағылып келуіне мүмкіндік берді. Капитал ағынын көбейтуге арналған нақты іс-шаралар нәтижесінде Азия Даму банкі, Дүниежүзілік банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Ислам Банкі, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ЮНИСЕФ балалар қоры, Сорос қоры, Қызыл Жарты ай және Кызыл Крест қоры, Аралды құтқарудың Мемлекетаралық қатынастары біршама жандандырылды. Бұл халықаралық ұйымдар облысқа заем, гранттар түрінде қаржылай және қайырымдылық шаралар арқылы миллионнан аса АҚШ доллары мөлшерінде қолдау көрсетті.

Шетел инвесторларының ең алдымен мұнай-газ табу саласының кәсіпорындары қызықтыратын сараптау қорытындылары анықталған. Осының нәтижесінде облыста шетел капиталының 90%-ымен «ҚұмкөлЛУКойл» акционерлік қоғамы, «КазГерМұнай», «Қуатамлонмұнай», «Қаз-Алтек», «Ақниет» біріккен кәсіпорындары, сондай-ақ «Харрикейн Құмкөл Мұнай^ кәсіпорны жұмыс жасады. 1996-1997 жылдары облыста вексельдер мен «инвестиция-газ» заемдары айналымға жіберіліп, газдандыру мәселесін шешуді қаржыландырудың алғашқы қадамдары жасалды.

Қызылорда арнайы экономикалық аймағының құрылуына байланысты аймақта болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа тез арада жеткіу мақсатында 1997 жылдың 27 наурызында «Ақмешіт ақшамы» газеті жарыққа шықты. Қысқа мерзімде ғана өмір сүрген арнайы экономикалық аймақ Сыр бойында жаңа серпіліс, жаңаша көзқарас қалыптастырды. Шетелдік инвесторлар тарту арқылы облыс кәсіпорындарын жаңа қарыздарын өтеуге, өндіріс өнімін ұлғайтудан облыс бюджетіне түсер қаржыны көбейтуге  мүмкіндік болды. Бір адамға бюджеттен бөлінетін көрсеткіші республика бойынша 9300 теңге болса, Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 14000 теңгеге жетті.

Қызылорда қаласына «Арнайы экономикалық аймақ» мәртебесінің берілуі өлкенің өнеркәсіп кәсіпорындарының жандануына зор ықпал жасады. Мәселен, АЭА құрылғанға дейін қаланың 14 ірі өнеркәсіп орны тұралаған, олардың ішінде 4-еуі өз қызметін толық тоқтатып, 10-ы созылмалы үзіліспен жұмыс істеді, 28 кәсіпорынның 11-інде өндірістік құлдырауға жол берілді. 1997 жылы қаланың өнеркәсіп мекемелері нақты бағамен 13,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді. 1996 жылы Қызылорда АЭА аумағында өндірілген өнеркәсіп өнімінің үлесі облыс көрсеткішінің 88,7%-ын құраса, ол 1997 жылы 89,2%-ға, 1998 жылдың бірінші жарты жылдығында 90,9%-ға жетті. 1997 жыл ішінде өнім өндіру көлемі мұнай өндіру 3%-ға, машина жасау мен металл өңдеу 26,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 3,4 есеге және тамақ өнеркәсібі 29,1%-ға ұлғайды. Мұнай өндіру көлемі 2,7%-ға, ауылшаруашылық жаткаларын шығару 17 есеге, ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер 4 есеге, қағаз 2,3 есеге, балмұздақ жасау 42,8%-ға артты.

Қызылорда АЭА-ын дамыту міндетін шешу мақсатында қаланың экономикалық және әлеуметтік даму қорынан “Қызылордакүрішмаш” АҚ жаткалардың ЖРТ-5-02, ЖРТ-5, ЖЗК-10. ЖКУ-5 үлгідегі жаңа түрлерін жетілдіру және шығару үшін, «Ай-Дан» ЖШС тоқылмайтын маталар фабрикасы өндірісін қалпына келтіру мен дамыту мақсатында, сондай-ақ нан және нан өнімдері комбинаты, аяқ киім, құс фабрикасы, т.б. кәсіпорындар қаржыландырылды. Нәтижесінде «Айдан Агро» бидай ұнын шығару өндірісі, «Аңсар» ЖШС-інде терезе жалюздерін, «Сыр шарабы» АҚ-да жеміс шарабын әзірлеу, «Яксарт» ЖШС-інде пропиленді қап шығару желілері іске қосылды. «Айдан» ЖШС-інде соңғы 2-3 жылда тоқтап қалған тоқылмайтын маталар кәсіпорыны «Айдан – ФНМ», құс еті және жұмыртқа шығару «Айдан Аққұс» өндірісі қайта іске қосылды. «Бейбарыс» ЖШС-інде ауылшаруашылық жаткаларын өндіру қалпына келтіріліп, 1997 жылы N6 ауылшаруашылық машиналары, 997 мың шаршы метр тоқылмайтын тауарлар, 37 мың былғары аяқкиім шығарылып, құс саны 59,2 мыңға жеткізілді, 397 мың жұмыртқа алынды. Арнайы экономикалық аймақ жағдайында «Темірхан», «Ансар», «Бабас», «Яксарт», «Бастау и К» серіктестіктерінде жиһаздар шығару, дербес бу қазандығын құрастыру, құрылыс заттарын, шұжық өнімдерін шығару секілді халық сұранысына сай көптеген жұмыстар атқарылды. Облыс орталығына жақын шаруашылықтар қала құрамына кірді. Қызылорда қаласы тұңғыш рет күріш шаруашылығын қолға алды.

«Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» Президенттің 1997жылғы 7 шілдедегі Жарлығына сәйкес қала әкімінің «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау» бағдарламасы жасалынды. 1997 жылы экономикалық және даму қорынан шағын және орта бизнеспен шұғылданушы шаруашылық субъектілеріне жеңілдетілген негізде жалпы сомасы 97,9 млн теңге бөлінді. Қызылорда АЭА Әкімшілік кеңе[1]сінің ұйымдастыруымен республикада бірінші рет жеке кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды. 1997 жылы аталмыш қордан халық тұтынатын тауарлар шығару және ақылы қызмет көрсетумен айналысушыларға 2,5 млн теңге қаржы бөлінді. Қалада шағын және орта бизнес кең қанат жайды. Өткен жылдармен салыстырғанда шағын кәсіпорындар 167- ге, жеке субъектілер 81-ге көбейді. Сол жылдары қалада 2393 жеке кәсіпкерлік құрылымдар тіркелсе, оның 605-і шағын бизнес кәсіпорындары. Олардың 11-і өнеркәсіп өндірісінде, 58-і құрылыста, 35-і ауыл шаруашылығында, 313-і саудада, 14-і транспорт пен байланыс, 17-сі қонақ үй және мейрамхана, 517-сі басқа да салалар бойынша қызмет етті. Бұл кәсіпкерлік құрылымдарда барлығы 5054 адам жұмыс істеді. Аталмыш субъектілер 9 айда бюджетке 148,4 млн теңгеге дейін салық түсірді. Екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 83,3 млн теңге көлемінде несие ресурстары бөлінді. Қала әкімшілігі жанынан шағын және орта бизнесті қолдау бөлімі ашылып, жұмыс істеді. 1997 жылдың 9 айында жеке кәсіпкерлікке 1,8 млн теңге. жеңілдетілген түрде 18,1 млн теңгеге несие ресурстары бөлінді.

Арнайы экономикалық аймақ жағдайы бюджетке салық түсіру мен басқа да міндетті төлемдердің ұлғаюына ықпал етті.

Қызылорда облысы бойынша салық жинау бір тұрғынға 1995 жылы 3701 теңгеден, І997 жылы 11000 теңгеден келсе, ал Қызылорда қаласы бойынша бір тұрғынға салық жинау тиісінше 6600 теңгеден – 33000 теңге көлемінде болды.

Қала халқына қызмет көрсетудің бір саласы – көлік қатынасында да соңғы жылдары бірнеше рет тендер өткізіп, авто­көліктердің қозғалыс интервалы, қызмет көрсету саласы жақсарды. Қызылорда арнайы экономикалық аймағы экономикалық және әлеуметтік даму қоры қаржысымен 25 “Икарус”, 2 «Ман» автобусын сатып алды. Жеңілдіктерді пайдаланатын азаматтар тобына тегін жол жүру билеті енгізілді. Жолаушылар тасымалдау қызметі “Маршрут”, “Қатынас” акционерлік қоғамдары мен «Жас талап» өндірістік кооперативі арқылы жүзеге асырылды. Барлығы 33 маршрут бойынша 192 автобус, 140 микроавтобус үзіліссіз жұмыс істеді. Жолаушы тасымалдаушылар қызметін бақылап отыру үшін қалада диспетчерлік қызмет көрсету орталығы ашылды. Көлік қатынасын реттеуде тұрғындардың талап-тілектеріне ерекше назар аударылды. Қалада базар сандарының өсуі байқалды. Бұл халықтың нарық экономикасы жағдайына бейімделіп, сауда-саттықпен айналысуға ден қойғанының белгісі. Соңғы уақытта қалада «Жайна», «Отырар», «Ғалия», «Сыр самалы», «Табыс» жабық базарлары ашылып, тұрғындарға сапалы қызметтерін ұсынды. Қаладағы базарлар мен сауда қатарларының қызметін реттеу және жүйелеу мақсатында қала әкімшілігі біршама жұмыстар атқарды. Қалада жалпы 7500 сауда орны бар, 17 базар мен 13 сауда қатары қызмет жасады. Бұл 1993-1994 жылдармен салыстырғанда 6,5 есе көп. Барлық базарлар мемлекеттік емес меншік түрінің құрылымдары болып табылды. Базарлардың жұмысы облыс әкімі бекіт[1]кен «Базар туралы ереже» негізінде ұйымдастырылды.

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының әкімшілік-аумақтық өзгертулері туралы» ҚР Президентінің 1997 жылдың 17 маусымындағы Жарлығына сәйкес және облыс әкімінің шешімімен Сырдария ауданы таратылып осы ауданға қарайтын көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдары Қызылорда арнайы экономнкалық аймағының территориясына өтті. Осыған орай, қаланың шаруашылық басқару жүйесінде жаңа құрылым пайда болды. Қызылорда арнайы экономикалық аймағы құрамына 16 шаруашылық субъектілері, 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 акционерлік қоғам, 1 мемлекеттік мекеме, 2 өндірістік кооператив, 267 шаруа қожалықтары тіркелді. Ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысты.

Екі жарым жыл қысқа мерзімде ғана өмір сүрген арнайы экономикалық аймақ кезеңі Сыр бойына жаңа серпіліс әкелді. Шетелдік инвесторлар тарту арқылы облыс кәсіпорындарындағы жаңа қарыздарын өтеуге, өндіріс өнімін ұлғайтуға облыс бюджетіне түсер қаржыны көбейтуге мүмкіндік болды. Бір адамға бюджеттен бөлінетін шығын көрсеткіші республика бойынша 9300 теңге болса, Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 14000 теңгеге жетті.

Бердібек Сапарбаев облыс әкімі болған 1995-1999 жылдары өңір халқы үшін маңызды нысан болып саналатын облыстық медициналық орталықтың негізгі бөлігінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етті. Сонымен бірге облыс үшін өмірлік маңызы бар жоба – «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші фазасын жүзеге асыруға үлес қосты. «Көкарал» бөгетінің салынуына атсалысып, облыстағы қыруар шаруаны атқаруға жан сала кірісіп, жауапкершілігі мол істерді әрқашанда ойдағыдай атқара білді. Экономика саласын өзінің жете білетіндігін іс жүзінде көрсетті. Қаржы тапшылығынан шығу үшін облыста облигациялық заемдар шығарып, оны экономика саласын өркендетуге жұмсады. Осындай игі тірліктер арқылы облыс халқының сенімінен шығып, іскер басшы ретінде Сыр елінің дамуына атсалысты.

“Қызылорда” кітабынан 2015 жыл.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған