Қоғамдық көліктердегі қызмет көрсету бағыты мен сапасында оң өзгерістер болғанымен, осы салаға тиесілі мәселелер жұртшылық үшін әлі де таусылар емес. Тұрғындар тарапынан ұсыныстарды ескере келе, қаладағы автобустар санын арттыруға бағытталған жоспар оңтайлы жүзеге асты. Мәселен, соңғы үлгідегі қоғамдық көліктердің қатары 50ге артты.

Нұрлыбек Нәлібаев облыстың 85 жылдығы мен қаланың 205 жылдығы қарсаңында Сыр жұртшылығын осылай да қуантып, автобустардың кілттерін арнайы табыстап, жолаушылар үшін игілікке қолданатын көлік болсын деген тілегін жолдады.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы:

– «Президентіміз «Стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті – халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттырғанда көбейтті ғана орындалады» деген болатын. Қазір демографиялық ахуал жақсарып, қала аумағы кеңейді. Халық санының өсуі қоғамдық көлікке деген сұранысты жыл сайын арттыруда. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 1,4 млрд теңгеге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы 150 заманауи жаңа автобус алынды. Биыл шаһардағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу үшін қосымша 150 автобус алуға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгін 50 автобусты табыстаймыз. Қалғаны жыл соңына дейін қызметін бастайды. Мемлекет халық алдындағы міндетін орындауда. Ендігі жерде «Қызылорда автобус паркі» ұжымы мен қала тұрғындары да жаңа көліктерге жанашырлықпен қарайды деп сенемін. Осы жерде, уақытпен санаспай халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көлік жүргізушілеріне алғысымды білдіремін. Сіздерге артылар сенім, жауапкершілік жүгі ауыр. Халық алдындағы міндеттеріңізді абыройлы алып жүргейсіздер.

Автобус паркіндегілердің айтуынша, климаттық жағдайға сәйкестендіріліп алдырылған автобустар арнайы тексерістен өткізілген.

Айдана ӘЛИАРЫСТАН

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған