Қаламыз күннен-күнге көркейіп, гүлде ніп келе жатқаны рас. Бүгінде әдемі ғима раттар, көпқабатты тұрғын үйлер салынып, көшелер жөнделіп, «ескірген» тұрғын үйлердің қасбеттері заманауи панельдермен қапталып, жаңарған қалаға көрік беріп тұрғаны рас. Экологиялық тазалық, технологиялық жетістік кез келген нысаннан сезіледі. Қараған адамның көзі тояды. Халық серуендейтін демалыс орындары мен саябақтар да көп. Бірақ әлі шет аймақтарда тұрғындардың өміріне қауіпті апатты үйлердің бары қынжылтады. Қала орталығын көркейтеміз деп шет жақта да адамдар тұратынын ұмытып кеткен жоқпыз ба?

Қызылорда қаласындағы шет аймақ тарда бір емес бірнеше тұрғын үйлер апаттық жағдайда. Осыдан 30 жыл бұрын келмеске кеткен кеңестік кезеңде бой көтерген қосқабатты тұрғын үйлердің алды осыдан 60-70 жыл бұрын салынғаны белгілі. Сырты бүтін, іші «түтін» үйлердің мәселелері жетерлік. Кезінде сәулетті бол ған баспаналар қазір жер кепеге айналған. Үйлердің қабырғалары қақырап, жарылып, едендері шіріген. Екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтары жарамсыз күйге түскен. Шұрық тесік шатырдан аққан жаңбыр суынан үйлердің қабырғалары сарғайып кеткен. Ал аңғал-саңғал терезелер «су көрмеген» деуге де болады. Жылу, су құбырларының жағдайын айту тіпті артық. Үйлердің дені апатты деп танылмаса да, қабырғалары қақырап, қирауға шақ тұр. Тіпті, көктем келісімен кейбірінің астынан су шығып, ғимарат іші ылғал тартып кеткен.

– Төбеден су аққан сайын ашық шашық күйде тұрған тоқ сымдарына түсіп қаламыз ба деп те үрейіміз ұшады,-дейді апатты баспана тұрғындары. Жаңбыр жауса, жертөленің суға толып қалатыны бөлек әңгіме. Соның салдарынан ондағы құбырлар шіріп кеткен. Жауын-шашын жауғаннан үйлердің тіректері бірте-бірте бұзылады, төбесіндегі ауыр бетон пли талары құлап кету қаупі бар деседі. Маман дар апатты деп таныған үйлердің тұрғындары қиранды астында қалудан қорқып өмір сүруде. Әкімдік тарапынан қайран болмағасын, амалдап өздері қаре кет еткен, нәтижесі көңіл көншітпейді дейді. Тұрғындар жергілікті әкімдікке, тиісті құзыр лы органдарға бірнеше мәрте хабар беріп, шағымданғанымен мәселе әлі күнге шешілмеген.

Қызылорда қаласындағы ескі апатты үйлердің тұрғындары күн сайын пәтер лерінде үреймен ұйықтайды. Тұруға жарамсыз ғимарат ұзақ жылдар бойы барлық нормалар мен ережелерді бұза отырып, пайдаланылады.

Бүгінгі қаладағы заман талабына сай үйлер, жаңа ғимараттардың бой көтеруі, әрине, өте дұрыс шешім. Дегенмен, бұл қазірге дейін бар, ескі әрі апатты жағдай дағы ғимараттардың қараусыз қалуына болады деген сөз емес. Жарамсыз тұрғын үйлер қаланың сәнін құртып қана қоймай, адам өміріне қауіпті. Қабырғасы кеңестік кезеңде қаланған үйлердің жағдайы расы мен де жүректі ауыртады. Ондай үйлерді паналамақ түгілі, бір мезет көріп шығудың өзіне жүрексінесің. «Біреу тұрады» десе, шошитындай-ақ. Жаңа баспана алуға әлі жоқ, барар жері басар тауы жоқ қалта лары «жұқа» адамдар әлі күнге дейін айлап, жылдап осы үйлерде тұрып келеді. Қабырғасы қағаздай, едені ескірген бұл ғимараттарға жөндеу жұмыстары аса қажет. Шаһарымыздың одан әрі жандануына бей жай қарамайтын әкімшілік пен ауқатты қала азаматтары жетерлік. Бізде Апатты үйлерде қажетті жұмыстар жүргізілсе, қала көркінің шырқын бұзбаса деген ниет қана.

P.S. Белгілі қаламгер, жазушы әрі керемет журналист Қази Данабаевтың атына берілген көшедегі үй сыйқы осы. Өте қайғылы көрініс. Қай ғасырдан қалған ғимарат дерсің…

Мұхаммедшах КАЮП

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған