Ағымдағы жылғы 29 наурызда Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамашылығымен облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста аймақтың бірқатар өзекті мәселелері көтерілді.
Мәселен, облыстың спорт саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қаралып, салада қаржылық жоспарлаудағы, «Қайсар» футбол клубы қызметіндегі бірқатар жүйелі тәуекелдер мен проблемалық мәселелер талқыланды.
Жалпы, спорт саласында анықталған тәуекелдерді жою және алдын алу мақсатында Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен әкімдікке 12 ұсыным енгізілген.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатына арналған субсидиялар мен жерлерді бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы зерделеу жұмыстарының нәтижесімен, анықталған тәуекелдердің алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттілігі жеткізілді.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» орындалу барысы мен білім беру саласында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестерінде жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша, облыс әкімі Н.М.Нәлібаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсынымдарды қолдап, жергілікті атқарушы органдардың тиісті басқарма басшыларына және қала, аудан әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды шұғыл қабылдап, Заңның дәл және біркелкі орындалуы туралы тапсырмалар берді.