Тіл- ұлттың айнасы.! Айнадан әдемі көрінгің келсе содан көретін бейнеңді дұрыстау керек. Қазіргі қазақ қоғамында әлеуметтік мәселер жетерлік, солардың бірі де, бірегейі ТІЛ мәселесі. Қазақ- қазақ болып қалыптасқалы бері құндылықтарымен еркешеленеді, жәй құндылық емес «Ұлттық құндылығымызбен» ерекшеміз. Бірақ осы, ұлттық құндылығымызды сақтап қалуға тырысатын қазақ жастарының аз екені мен деген ұлтшыл адамға ауыр тиетіні анық. Мен, қасиетті Қорқыт бабамыздың, ардақты Ахмет атамыздың, қазақ даласының данасы Домалақ ананың ізбасары болғандықтан тілім мен дінім үшін күресуге міндеттімін. XXI ші ғасыр технология мен роботехниканың дамыған заманында газет,журнал оқып, жаңалықтар көретін адамдар саны да азаюда. Оған себеп әлеуметтік желі мен ғаламтордың дамуы. Енді ойлаңыздар газет ,журнал оқымайтын теледидардан жаңалық көрмейтін, радио тыңдамайтын адам қоғамда не болып жатқанынан бейхабар болары айдан анық. Осы тұста тіл мәселесін шешудің бірнеше жолын ұсына кетсем.
Бірінші жолы: елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері бар, олардың басым бөлігі-орыстар. Орыстар үшін арналған мектептер мен балабақшаларда орыстардан гөрі қазақтар көп. Тәрбие-тал бесіктен,бала кішкентай кезінен бастап өзінің кім екенін біліп өсу керек. Сол үшін орыс мектептері мен балабақшаларын азайту керек немес мүлде жою керек. Әрине сіздерде “сонда орыс балалры қалай оқымақ? “деген ой болуы мүмкін, алайда орыс балалары үшін қазақ балалары да орысша оқымауы керек. Күнделікті өмірде көзбен көріп жүргеніміздей қазақ балалары жастайынан орысша сөйлеп жүр соның басты себебі орыс балабақшасынан бастап, орыс мектептерінде оқуы.
Екінші жолы: қоғамдық орындар да, банк қызметкерлері мен оқу орындарында бағдар берушілер қазақша сөйлеуін міндеттеу. Жалпы қазақ жерінде өмір сүретін тұлғаларға Қазақ тілінде сөйлеуді міндеттеу керек. Қорытындылай келе ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұралар мен ұлттық құндылықтарды сақтау бойында қазақтың қаны бар әрбір адамға парыз! Абай атамыз айтқандай қазақ қабырғасының бір кірпіші болып қаланайық!
Қолғанат Ақбота