Жалпы елдегі жұмыс істейтін жандардың барлығының хал-жағдайы,тұрмыс деңгейі,жалпақ тілмен айтқанда көңіл-күйі,ішіп-жемі осы жалақыға байланысты.Елдің Каспии банкпен қыз ұзатып,ұлды үйлендіріп,Каспиредпен киініп,тамақ алып,до зарплатамен күн көріп жүргені осы жалақының тамаққа жеткізсең басқасына жетпейтін жетіспеушілік жағдайы. Әр алуан кредит қолжетімді болып тұрғаннан соң жалақының басқа тартсаң аяққа жетпейтіні әзірге жанға батпай тұр.Алайда үкімет кредит алу талабын күшейтіп,ол да бір қолжетпеске айналса,халықтың шын қиналғаны сонда болар.Ресми ақпарат көздерінің дерегінше биылғы жылдың ІІІ-ші тоқсанында орташа айлық 350 мың теңге болып отыр. Демек былтырғы жылдың есеп кезеңімен салыстырғанда елімізде айлық 16,9% – ға көтеріңкі. 2022-де орташа айлық, мәселен 299,8 мың болған. Айлықтың ең көп жері Атырау екен. Айына 602 мың теңге жалақы алуға болады. Сондай-ақ Маңғыстау, Ұлытау облыстарында да жалақы жоғары. Ал, айлықтың азы Түркістанда, сондай-ақ Жамбыл мен Солтүстік Қазақстанда.Қызылорда облысы жалақының өсуі жағынан Алматы, Астана қалаларын қоспағанда, өңірлер арасында тоғызыншы орында. Былтырғы жылғы үшінші тоқсан қорытындысында 251 мың болған орташа айлық биылғы жылы сол кезеңде 303 мың теңге болып отыр.Қызылордадан кейін 8 өңірдің жалақысы бізден төмен. Айлық бізде 50 мыңға көбейгенде Түркістанда бар болғаны 32 мыңға көбейген. Бұған қарағанда біздегі айлықтың бақандай 50 мыңға көбейгені жақсы-ақ.Дегенмен Атырауда 76 мыңға, Маңғыстауда 69 мыңға, Ұлытауда да 75 мыңнан астамға көбейгенін көргенде қызылордалықтардың айлығының 52 мыңға көбейгені аз көрінетіні рас. Бұл салыстырмалы түрде.Мәселенің екінші жағы: осы жалақының 52 мың теңгеге көбейгені қызылордалықтардың тұрмысына қалай әсер етті, ?Арадағы бір жыл уақыт ішіндегі инфляцияны ескерер болсақ, 50 мың теңгені бір жыл ішінде қымбаттаған баға жеп қойғаны анық. Содан да жалақының 50 мыңға да көбейгенін сезіне алмай отырмыз…Былтырғы 250 мыңға жасаған тірлікті биыл 300 мыңға жасай алмайтынымыз анық.Инфляция төмендемейінше айлықтың өскені отбасына кіретін кірісті көбейтпесі анық