Төбелес өршіп, тәрбие ақсап тұр…

«Қарағайдан шайыр, адамнан қайыр кеткен заман болады»деп болжаған бабаларымыз расында әулие екен деседі жұрт. Бүгінгі қоғамның алты қабат аспанында, жеті қабат жерінде қара түнек басып тұрғандай. Адам баласының жүзіндегі мейірімділіктің табы да қалмай бара жатқандай. Көп жұрттың бет жүздерінде қан-сөл жоқ. Бірін-бірі жүндей түтіп, әлдісі-әлсізін табанға сап таптап кетуде. Екі күннің бірінде еститінің «өлтіріп кетіпті», «жабылып соғыпты», «өзіне-өзі қол салыпты». Айналаң үрей мен қорқыныш. Қылаяғы кәмелеттік жасқа толмағандар мектеп қабырғасында жүріп, топ-топ болып төбелесіп, үлкен сыныптағылар кіші сыныптағыларды қорқытып, үркітіп ақша бопсалап жүр деген ақпарат желілерді жарып тұр.

Әлгі, «тәрбие тал бесіктен» деген тағылым табалдырықта қалғандай. Кім баласын бұзық, тентек болсын деп баулиды. «Тек жүрсең тоқ жүресің» деген өсиетті кез келген ата-ана балаларына айтатын шығар. Алайда, оны санаға түйіп жатқан жасөспірімдер кҳп емес сияқты. Бұл да қоғамның – басты, әрі асқынған кеселі. Идеологиялық бағыт-бағдардың әлсіреп, қан-соқтаға айналған жүйенің тәлім-тәрбиеге келгенде «аяғына жем түскен жабағыдай ақсап тұрғанын» көруге болады. Жоғарыдан бастап білім, денсаулық салаларындағы жемқорлықтың асқынуы да осы білім жүйесінде көлде жүзген қолтырауындай айналасын жұтып жатыр. Сырт көзге бәрі жүйелі сияқты. Тіпті, қала орталықтарынан бөлек жасөспірімдерді шыңдаймыз, шымыр жасаймыз деп аудан орталықтарынан да спорт кешендерінің есігі айқара ашылуда. Бірақ, білек күші тасыған басбұзарлар әлімжеттік көрсетулерін доғарар емес.

Осы аптада қаламыздағы бірнеше мектептерде жантүршігерлік оқиғалар көп болып кетті. Алдымен дүйсенбі күні қалаға іргелес Белкөл кентіндегі көпқабатты үйдің алдында №189 мектепте оқитын 9-сынып оқушысының мәйіті табылды деген ақпарат тарады. Бейресми ақпараттарға сүйенсек оқушыны пышақтап кеткен. Уақыт өте келе қайғылы жағдай рас екені анықталды. Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мектептің директоры мен орынбасарын жұмыстан шығарып тастады.

беру бөлімінің басшысы Ерлан Бодановқа еріксіз барсыз ба деп сұрақ қоюға мәжбүрміз… Неге қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов оқиға орнына жетіп, мән-жайды анықтамаған? Неге білім бөлімінің басшысы БАҚ өкілдерінің алдына шығып, болған қайғылы оқиғаның қалай болғанын түсіндірмеді?

– Балалар жеті сабақ аяқталған соң сағат 14.00-де мектептен шығып, үй-үйлеріне тараған. Қайғылы жағдай кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің алдында болған. Бейне камераға түспеген. Оқиға орнында 4 бала болған, қасындағы 3 бала медициналық ұйымға көтеріп жеткізген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында бала үзіліп кеткен. «Пышақтап кетті» деген ақпарат жалған. Әкесі мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаты болмағанын жеткізді. Ал күдікті жалғызбасты ананың баласы екені анықталды. Тәрбие бағытындағы тапсырманы өз деңгейінде орындамағаны, атқарылған ауқымды жұмыстан нәтиже шығармағаны үшін мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын орнынан босаттық. Өйткені ұстаздарға әр баламен жеке жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бұл жағдай қатаң бақылауда, тиісті шаралар қабылданады,-деп жауап берді облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов.

Тағы бір орын алған оқиғалардың бірі №261 Серәлі Лапин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары мек­­теп әжетханасында жұдырықтасқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Үстіміздегі жылы білім саласының облыс әкімдігімен бірлесіп өткен кеңейтілген отырысында мектептердегі қауіпсіздік мәселелері бойынша прокурорлық тексерудің нәтижелері айтылған болатын. Облыс прокурорының орынбасары Дүйсенбаев Нұрболат прокуратура тарапынан мектептерде жүргізген тексерулер нәтижесінде мектептерге бөтен адамдардың кіріп-шығу жағдайына эксперимент жасалып, ғимаратқа еш кедергісіз қару-жарақ және басқа да тыйым салынған құралдармен еркін кіріп-шығуға болатынын айтты. Прокуратура тарапынан жасалған ескертуге мектептер басшылықтары нәтиже шығармаған секілді.

Жоғары сынып оқушыларының жан­-жалдасуы мектеп әжетханасында жұдырықтасумен аяқталған. Ол аздық еткендей әрекеттерін видеоға түсіріп таратқан. Мектеп қабырғасында орын алған жағдай бүгінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бақылауында екені белгілі болды.

Жалпы бұл ақпарат көздеріне шыққан мәліметтер. Ал ашық айтылмай, жасырын болып жүрген оқиғалар арасындағы жанжал қаншама. Сондай-ақ сауалы бар, жауабы жоқ жағдайлар да жетіп артылады. Содан да қазақ «бақпасаң мал, қарамасаң бала кетеді» дегенді тектен-тек айтпаған шығар-ау…

Мұхаммедшах Маратұлы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған