Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тіл қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете бастағаны мәлім.

Негізінен күнделікті тұрмыстық қатынаста, көркем әдебиет пен баспасөз бетінде қолданылған мемелекеттік тіл ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, дипломатия, басқару саласында өзінің толыққанды қызметін атқарады. Қоғамда қажеттілік тумағандықтан, қолданылу өрісі болмағандықтан қазақ ресми – іс қағаздар тілі де өз деңгейінде қалыптасып, оның ғылыми-теориялық негіздері жасалған. Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.

Құжатайналым қоғам өміріне үлкен қызмет атқарады. Құжатайналымның саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, Республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда құжат ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқйғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады. Республикада мемлекеттік органдар құжатайналымын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен өзі жол- ға түспейтіні белгілі. Одан шығудың жолы-орыс тіліндегі нұсқауларды негізіне ала отырып ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, құжатайналымды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік және жеке меншік ксәіпорындардың мемлекеттік тілде құжатайналымды толтыру, жинақтап айтқанда құжатайналымын іске асыру-бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе.

Құжатайналым – мекеме ішіндегі құжат ағымы қозғалысы, олардың құрылуынан немесе толық құрастырылып жеткізілуінен туындайды. Мекемедегі құжатайналымы – мекемедегі құжат ағымы мен байланысты келесілген ереже, құжат ағымының рационалды түрін қарастырады. Құжат операцияларын, басқару аппаратындағы ағымды қарастыруы, ұйым атқаруы, куәлігі заңдастыруы мен жеткізілуі.

Құжатайналым іс жүргізуде басты орын алады, оған тек ұйымның құжат ағымының жылдамдығы да кіреді. Іс жүргізуде құжатайналым коммуникация қызметі ретінде қарастырылады. Жалпы іс жүргізудің мақсаты – басқару аппарат- ының ақпараттық лауазымның қамтамасыз етуі. Оған құжат жүйесі құрастырылған, қолданылған ақппараты сақтау да кіреді.

Құжатайналым кез-келген мекеменің қызметін құжаттарды жасау, толтырумен айналысады. Бұған дайын құжаттар мен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдап, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау құжаттарды дайындау, мұрағатқа сақтауға дайындау сияқты толып жатқан жұмыс- тар кіреді. Құжатайналым күрделі технологиялық үрдіс болғандықтан, оның толық жүрісін аса бақылауға алынуы тиісті деген ойдамын.

Қорыта келе, құжатайналым мәселесін толық осы мақаламда қарастырдым деген ойдамын. Ондағы барлық қызметін, түрін, терминін, даму жолын айқындадым. Құжаттарды электрондық формада сақтау қазіргі таңда іске асуда. Мекеменің ПК барлық құжаттар орналасқан. Құжатты толтыру әдісіне көңіл бөлінген. Көпшілігінде қағазға түскен құжаттарды пайдаланады.

Сымбат Ерболат

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған