2023 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Жалағаш ауданы макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім, қалыптасып, облыс көлемінде алдыңғы қатарға шықты.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 72,4 пайызға өсіп, 20 млрд. 423 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 27,8 пайызға артып, 5 млрд. 415 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 203,0 пайызға артып 9 млрд. 312 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5 млрд. 160,6 млн. теңгені құрап, 101,6 пайызға орындалды.

Тұрғын үй көлемі 13 960 шаршы метр болатын 44 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 1358,1 млн. теңге болып, 103,2 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 422,0 млн. теңгеге орындалып, 31,8 пайызға артты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған