2024 жылдың 04 шілде күні 18 сағат 03 минут өткенде Шиелі ауданы Оқшы ата тұсында “газель” автокөлігі жанды. Хабарлама бойынша оқиға орнына 16 өрт сөндіру бекетінен 4 қызметкер 1 бірлік техника жұмылдырылды. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында
Шиелі ауданы Оқшы ата мазараты тұсында Шиелі кентінен Қызылорда қаласына бағыт алған ақ түсті “Газель” маркалы жүк автокөлігі толығымен жанғандығы анықталды. Өрт 18 сағат 33 минут өткенде толық жойылды. Өрттің салдарынан күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталуда.

ӨСжАҚЖҚ

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған