Қызылордада Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
– «Бүгінде ынтымағы жарасқан, берекесі артқан өңірімізде Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыруда, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени салада оң динамика бар. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында биылғы тамыз айында облыс бюджетінің көлемі 604 млрд. 100 млн. теңгеге жетті. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда бюджет (387,3 млрд. теңге) 220 млрд.теңгеге, яғни 56,2 пайызға көбейді. Бұл ауқымды қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға жұмсалады. Аймақта құрылыс жұмыстарының көлемі 48 пайызға (64,2 млрд.теңге), инвестициялар тарту 24,2 пайызға (201,9 млрд.теңге), сауда көлемі 3,9 пайызға (383,8 млрд.теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2 пайызға (383,3 мың шаршы метр) және ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,1 пайызға (49,9 млрд. теңге) артты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 979,7 млрд. теңгеден асатын 46 жоба енгізілді. Индустрияландыру аясында өңірде құны 607,7 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда. Соған сай 6,3 мың жұмыс орны құрылатын болады», – деді аймақ басшысы.
Салтанатты іс-шарада өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа марапат табысталды.
Конституция күнін атап өту аясында өңірде бірқатар маңызды, мазмұнды іс-шара ұйымдастырылуда. Күні кеше Шиелі ауданында 70-тен астам отбасы қоныс тойын тойлап, заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Осы күндері облыс орталығында бірнеше мерекелік шара өткізілуде.
Ата Заңды ардақтау – кемел келешекке деген әрбір азаматтың асыл парызы.
Бүгінде қабылданғанына 28 жыл болған басты заңымыз –еңүстем және халықаралық сарапшылардың пікірінше, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның қатарында.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз үшін аса маңызды конституциялық және саяси реформалар жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде Конституциямызға бірқатар өзгеріс әкелуді талап етті. Өткен жылы республикалық референдум өткізіліп, Ата Заңның 33 бабына 56 өзгерту енгізілді.
Президент, Парламент Сенаты, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы– конституциялық реформаның негізі әрі саяси жаңғырудың нақты нәтижесін айқындады.
Киесі мен құты қатар қонған Сыр жұртшылығы аталған науқандарда жарқын болашақ жолында дұрыс таңдау жасап, ауызбіршіліктің айқын үлгісін көрсетті.
Конституциялық реформаның нәтижесінде Президент өкілеттігі 7 жылдық бір мерзіммен шектелді, Конституциялық Кеңестің орнына Конституциялық Сот құрылып, конституциялық бақылау жасау институты жаңғыртылды.
Сенаттағы Президент квотасының саны 15-тен 10 депутатқа дейін азайды, оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынды. Мәжілістегі Ассамблея тарапынан 9 депутаттың сайлау тәртібі тоқтатылды.
Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесімен, яғни пропорционалды және мажоритарлы жүйе бойынша сайланды. Бұл барлық азаматтардың құқықтарын толық сақтауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға мүмкіндік берді.
Бір мандатты сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарынан мандатты кері қайтарып алу құқығы енгізілді. Осының негізінде депутаттар мен сайлаушылардың арасында өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қалыптасып, құзіреті күшеюде. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды, ешкімге есеп бермейді. Өз лауазымы шегінде тек Конституциялық Сотқа жүгіне алады.
Конституциялық реформа– азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыруда және саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландыруда жаңа жетістіктерге бастауда.
Біз осы реформалар арқылы саяси жаңғыруға, «Әділетті Қазақстанды»құру жолына барынша бет бұрудамыз.
Әділетті Қазақстанды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Осы ретте барлықтарыңызды елге адал қызмет ету жолында бар күш-жігерімізді аямай жұмсауға шақырамын.
Бүгінде ынтымағы жарасқан, берекесі артқан өңірімізде Мемлекет Басшысы тапсырмаларын іске асыруда әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени салада оң динамика бар.
Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында 2023 жылғы тамыз айындағы жағдаймен облыс бюджетінің көлемі 604 млрд. 100 млн. теңгеге жетті.
Биыл құрылғанына 85 жыл болған облысымыздың тарихи жолы жаңаша жаңғырып,өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени даралығы айшықталуда.
Бұл 85 жыл серпінді Сырдың құлшынысына ерекше қарқын беретін болады.Жыл аяғына дейін жасампаз жұмыстар тоқтаусыз жалғасады.
(Салтанатты шарада сөйлеген сөзінен)