Бүгінде қала тұрғындарының біршамасын саяжайлықтар құрайды. Қала іргесіндегі бау-бақша егетін саяжайлардың ауылдан қалаға көшіп келген ағайынға құтты мекен болғанына аз уақыт өткен жоқ. Тіпті кейбір саяжайлар қала шекарасына кіріп те кетті. Саяжайда тұрып қаладағы мекемелерде қызмет, жұмыс істегеннен бөлек ондағылар казір жеке іс бастап, кәсіпкерлікте де дөңгелетуде. Қала базарларында саяжайлардан келген көкөністер, қауын-қарбыздар сұранысқа ие. Мал бағып , ет, сүт өнімдерін өңдіріп, өз отбасыларынан бөлек қалалықтарды қамтамасыз етіп отырғандар да жетерлік. Өкінішке орай қайсыбір саяжайда болмасын инфрақұрылым мәселесі бар.

Бір қуаныштысы биыл Сабалақ саяжайы аумағындағы жалпы ұзындығы 16,5 шақырымды құрайтын негізгі 18 көшесіне қиыршық тас төсеу үшін 377 млн теңге қаралып жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе саяжай тұрғындарын көптен бері мазалап жүрген болатын. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасының қозғалысына оңтайлы жағдайлар жасалады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған