Жарық дүниеге келген әрбір адамға жаратушының берген өлшеусіз сыйы – көз. Айдай әлемді алдыңа жайып салатын өмірдегі ең қымбыт, ең асыл, ең аяулы – қос шырақ. Адам бойындағы тазалық пен мөлдірліктің айнасындай. Үлкендердің ең қастерлі дүниені «көзіңнің қарашығындай сақта» деп жатуы тегін емес. Осыдан-ақ көздің қадір-қасиетін бағамдауға болады
Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,– деп кеткен кешегі бабалар сөзі еріксіз ойға оралады.
Көз жарқыл атқан жарықтан жаралған, тылсымнан сыр тартатын құдіретті күш. Әсілі, адамның көзі – ашық кітап сияқты, ішкі дүниеңді айтатын, құпияңды жеткізуші. Тереңіне үңілген сайын парақтап оқи бересің, ұға бересің, түсіне бересің. Көзіңде бәрі де өзінің шынайы қалпында айнымай көрінеді.
Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында: «Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетші»… Абайша айтсақ, сөздің нұры мен сырын тек көкірек көзі бар жандар ғана көріп, түйсіне алмақ. Сөздің нұры әлемге шұғыла шашып, сыры терең ойға батырады. Адамның көкірек көзі ашылса Тәңірісін танымақ. Маңдайдағы көзімізге емес, көкрек көзімізге сенсек ешқашан адаспаймыз. Ал, көкірек көзі – ішкі түйсіктің дүрбісі.
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл. құрылысы.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90% астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша аппараттардан тұрады. Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.
Дильназ Темірғали
Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті