Ұлттық статистика бюросының ресми мәлімдемесіне қарағанда орташа айлық бойынша ең жоғарғы жалақы өсімі Ұлытау облысында 23,8% болса, ең төменгі жалақы өсімі Түркістан облысында 12,2% болып тұр.
Білім беру саласында орташа айлық жалақының өсуі 10,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 15,6% құрады.
2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында 36%, көлік және қойма саласында 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында 21,8%», екен.