Жаздың ыстық күндері қолайсыздық тудыруда. Жаздың алғашқы айы маусымның бастапқы күндері өте ыстық болды. Нақтылап айтқанда көшеге шықсан күннен қарайғаның бір бөлек денен күйіп барады. Мұздай су ішіп, көлеңке паналап жан сақтайсың. Тамаққа да зауық жоқ. Есесіне бас ауру, жүрек айну, асқазан лобуы әркімнің де мазасын алып тұр. Екінің бірінің қан қысымы көтеріліп тұр. Ауру жанға шипа болып жедел келген «Жедел жәрдем де» күннің ыстығы ауруларды көбейтіп тұр дейді. Тіпті осы күннің ыстығында мұрын бітіп, тамағы қарлығып, тұмау болып жүргендер де жетерлік.

Тоқты

Бәрі де көңіл күйге байланысты. Содан да кішкене ашуланып, ренжісеңіз де денсаулық сыр береді. Әсіресе, көңілсіздік. Содан да көңіл көтеретін, қуат беретін, жаныңызға шуақ сыйлайтын заттар мен істерге мән беріңіз. Кей кездері мұның бәріне күш керек, бірақ өз көңіліңізді өзіңіз көтеріп жүрсеңіз ауырмайсыз. Денені жаттықтыру немесе қол еңбегі адамды ширатады.

Торпақ

Тәттіге көп үйір болмаңыз. Өзіңіз толысқыңыз келіп жүрмесе ұннан жасалған тағамдардан, түнгі, кешкі астан бас тартыңыз. Көкініс, жеміс-жидек көп жеңіз. Тамақтануға сергек қарасаңыз асқазан ауырмайды, артық салмақ қоспайсыз. Қажет болса дене сымбатына мән беріңіз.

Егіздер

Лазерлік эпиляция жасатудан жаз мезгілінде абай болыңыз. Дұрыс болмаған жағдайда күйік жара алып қаласыз, немесе гиперпигментация болуы да мүмкін. Өйткені, бұндай процедурадан кейін салқында жүрген дұрыс. Бұл айда Егіздерге майда әріптермен жазылғандарға сақтықпен қарауға кеңес беріледі.

Шаян

Көңіл күйдің нашарлығына жұмысты, немесе айналадағы адамдарды кінәлаудың керегі жоқ. Көтеріңкі көңіл күйден бөлек әдемілікке де әсер ететін зиянды әдеттерден арылған жөн. Темекіге, немесе ішімдікке әуес болмаңыз, құрығанда уақытша үзіліс жасаңыз. Бір айға болса да жақсы. Әрине қиын, алайда осы айдың энергиясы шектеулерді жеңуге көмектеседі. Осы айда өз-өзіңізді күтсеңіз, келер айда жарқырап тұрасыз.

Арыстан

Сыртқы келбетін әдемі қалыпта сақтағысы келеді. Спортзалға, бассейнге көп барады. Алайда, өз-өзіңізге көп жүктеме алып, шаршап қалмаңыз. Әсіресе ыстық күндері. Басыңыз айналуы, жүрек ауруы мүмкін. Негізі жаттықтырушымен бірге жаттыққан тиімді. Келеңсіз жағдайлардан қорғанғаннан бөлек, мақсатқа тез жетесіз.

Бикеш

Жұмыстағы мазасыз жағдайлар көңіл-күйді түсіреді, күш-қуатты да әлсіретеді. Жүйкені шаршатпас үшін, дау-дамайға араласпаңыз. Жағымсыз нәрселерден қашық жүріңіз. Күш қуатты спортқа арнаңыз. Мәселен иога. Жүйкені тыныштандырады.

Таразы

Денсаулыққа баяғыда мән беру керек еді. Елемегенмен болмайды. Өз бетіңізбен емделгеннен гөрі, тиімсіз қорытындылар жасағанның орнына дәрігерге барыңыз, тексеріліңіз. Әсіресе, асқазан.

Сарышаян

Көңіл-күй көтеріңкі. Өмірге құштарлық басым. Мұндай оптимазм сізге тән болмаса да, осы қалыпты жоғалтып алмаңыз. Сондай-ақ кезекті еңбек демалысына шығуды ойламаған жөн. Ештеңені ойламай, уайымдамай өзіңізбен өзіңіз оңаша демалғанға не жетсін.

Мерген

Кофеге деген құмарлықты азайтыңыз. Күніне екі кесе жетеді. Пайдалы екені рас, алайда ұйқыға кері әсер етеді. Оның орнына дәндерді, кептірілген жемісті көбірек жеңіз. Олар қуатты арттырады, әрі семіртпейді.

Тау ешкі

Үрейге бой алдырасыз. Басқаларды өзіңізбен салыстырасыз, тіпті біреулерден кек алғыңыз келеді. Өзіңізден және жақын адамдарыңыздан әртүрлі аурудың белгілерін іздеп, өзіңізді де, өзгені де әуре етпеңіз. Қадіріңізді білмейтін, жақсылығыңызды түсінбейтін, еңбегіңізді жоқ еткісі келетін жандардан қашық жүруге тырысыңыз. Ақпараттық тазалау Тауешкілерді күшті, сергек етеді. Сондай-ақ өмірдің рахатын сезінуге әкеледі.

Суқұйғыш

Шашпен мәселе туындайды. Витаминдер ішіңіз. Маманмен кеңесіп, ақылдасу қажет. Өз бетіңізше ем жасаудың, тіпті осындай проблема болған ең жақын адамыңыздың да кеңесін тыңдаудың қажеті жоқ.

Балық

Бұл айға косметологиялық процедуралар жоспарламаңыз. Аллергиядан сақтаныңыз. Есесіне спортзалға барыңыз. Таза ауада көбірек болыңыз. Тамақтан абайлаңыз. Асқазанды ауыртып алмаңыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған