Биылғы жылдың маусым айының ортасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Тасбөгет кентінде бірнеше тұрғын үйлердің шатырлары ұшқан болатын. Солардың ішінде Е. Бозғұлов №12 үйдің шатыры жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарының аясында тұрғын үйдің шатыр бөлігі жабынының ағаш конструкциясы ауыстырылып, шатыры жаңадан қайта жабылды. Аталған жұмыстарға демеушілік жасаған «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне кент әкімдігі, тұрғындар алғысы шексіз.
Сонымен қатар қатты дауыл кезінде бұдан бөлек бірнеше үйдің шатырлары ұшты. Тұрғындары абыржып реніштерін білдіруде. Алдағы уақытта демеушілік есебінен өзге де көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары қайта қалпына келтірілетін болады.