Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалық етуімен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына қатысты 2023 жылдың 19 сәуірінде өткен кеңейтілген мәжілісте прокуратура органдарына берген тапсырмасын орындау тәртібінде маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын сүйемелдейтін Фронт-офис (сараптамалық штаб) құрылды.

Фронт-офистің мақсаты инвесторлардың проблемалары бойынша жедел шаралар қолдану және маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуына жәрдемдесу болып табылады.
Қазіргі таңда қала көлемінде 22 инвестициялық жобаны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қала прокуратурасының қызметкерлері инвестициялық жобаның директорларымен кездесу өткізіп, проблемалық мәселелер талқыланды.
Алдағы уақытта аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған