Өткен жылдың 22 желтоқсанында АҚШ конгресі Украинаға 48 млрд. доллар көмек пакетін бекіткен болатын. Ресми ақпарат көзінің мәліметінше осы көмектен бүгінгі күнге 6 млрд. доллар шамасында қалған. Жаз ортасына қарай АҚШ Қорғаныс Министрлігінің қарулануға қаржысы таусылуы мүмкін.
Конгресс бекіткен пакетке Пентагонға берілген 36 млрд. долларға артиллерия снарядтарын, бронотехника, әуеден қорғалудың жаңа жүйесі кірген.
Қазір Ақ үй Украинаны қолдаудың жаңа пакетін талқылап жатыр. Әзірге Украина қажеттілігі қалай болары белгісіз. Дегенменен Америка билігі Украинаны ақырына дейін қолдауға әзірлігін байқатуда.
Осы айда да АҚШ 1,2 млрд. доллардың көмегі туралы мәлімдеді. Ал, Германия 2,7 млрд. еуро көлемінде көмек көрсетпекші.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар