▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Жалағаш ауданында жеке қабылдау өткізді.
 
▪️Жеке қабылдау барысында тұрғындар бірқатар құқықтық мәселелермен, оның ішінде қарыз ақшаны қайтару, мемлекеттік баж төлеу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша айыппұл төлеу тәртібі, әкімшілік жаза түрлері, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сұрақтармен жүгінді.
 
▪️Тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, заң талаптары түсіндірілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған