Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қызылорда облысының аумағында өткізілетін «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде 2026 жылғы 20 қарашада сағат 10:00-де «Баршаның назарына!» сигналы бойынша облыстық құлақтандыру жүйесі тексеріледі.
Сонымен қатар, Mass-Alert жүйесі арқылы ұялы телефондарға тестілік ескерту хабарламалары жіберілуі мүмкін.
Оқу-жаттығу барысында сабыр сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз!
Бұл – жоспарлы оқу-жаттығу!