▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
▪️Азаматша К.-ның кәмелетке толмаған ұлы сағат 01:35 шамасында Қызылорда қаласында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлікті басқарған.
▪️Осылайша, азаматша К. кәмелетке толмаған баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбиелеу жөніндегі шараларды орындамаған.
▪️Сот қаулысымен азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60550 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты