▪️Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша К.-ге қатысты іс қаралды.
▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, азаматша К. «Tik-tok» әлеуметтік желісінде отырып былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған.
▪️Сот отырысында К. өз кінәсін мойындаған. Оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктерімен және істің басқа да құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60550 теңге әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты