▪️Қармақшы аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу тәртібі және заңнама талаптарын сақтау мәселелері» бойынша  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 
▪️Іс-шараға судья А.Қазыбеков, аудан прокуратурасының прокуроры Е.Мусаев, әкімшілік полиция қызметкерлері қатысты.
 
▪️Дөңгелек үстел барысында судья А.Қазыбеков әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды толтыру кезінде заң талаптарын сақтау, іс материалдарын сапалы әрі толық рәсімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және құжаттау мәселелеріне тоқталып,  көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруға байланысты істерді қарау кезінде дәлелдемелердің толықтығы мен заңдылығының маңыздылығына тоқталды.
 
▪️Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу барысында жол берілетін кемшіліктерге назар аударылып, құқық бұзушылықтың мән-жайларын нақты көрсету, қажетті құжаттарды тіркеу, куәлардың түсініктемелерін алу, медициналық куәландыру нәтижелерін тиісті тәртіппен рәсімдеу және іс материалдарының толықтығын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
 
▪️Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін мәселелерді талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған