▪️Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
▪️Семинарға облыстық соттың судьясы, аймақтық оқу орталығының үйлестірушісі Н.Еламaнов, Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
▪️Семинарды Н.Еламaнов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев өз сөзінде құжат айналымы мен сот ісін жүргізу талаптарын сақтау, сот отырысы хатшыларының қызметін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
▪️Құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Әбілқасымқызы «Сот отырысы хатшыларына қойылатын талаптар және олардың ҚР Азаматтық Процестік Кодексі бойынша іс жүргізудегі рөлі» тақырыбында баяндама жасап, хатшылардың процестік міндеттері, сот отырысының хаттамасын дұрыс жүргізу және құжаттарды уақытылы рәсімдеу тәртібін түсіндіріп өтті.
▪️Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова өз баяндамасында азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар мен прокурор өтінішхаттарын рәсімдеу, істерді жоғары сатыға жолдау тәртібіне тоқталды.
▪️Семинар барысында қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі