▪️Талап қоюшы серіктестіктен өзінің пайдасына жалақы өндіру туралы талап қоюмен сот жүгінген.
▪️Сотта талап қоюшы 2022 жылы жұмысқа қабылданып, 2026 жылы өз өтініші бойынша жұмыстан босатылғанын, жұмысқа қабылданғанда еңбек шарты жасалып,айлық жалақысы 600 000 теңге болып бекітілгенін, алайда, жұмыс істеген айларына серіктестік тарапынан жалақы толық төленбегенін көрсетіп, соттан жалақысын өндіріп беруді сұраған.
▪️Істі қарау барысында тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілген.
▪️Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара бітімге келіп, сотқа медиациялық келісімді ұсынып, оны бекітуді сұраған.
▪️Келісімге сай, серіктестік талап қоюшыға жалақы қарызы – 2 048 727 теңгені 2026 жылғы 25 қазаннан бастап, 12 ай ішінде 170 730 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген.
▪️Талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, талап қоюынан бас тартқан.
▪️Сот тараптар арасындағы медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.
Қызылорда қалалық соты