▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы микроқаржылық ұйымының жауапкер А.-дан келісім шарт бойынша берешекті өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
 
▪️Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұрады.
 
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына қарыз ақшаны ай сайын бөліп төлеуге міндеттенген.
 
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
 
▪️Талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған