▪️1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл – аға ұрпақ өкілдерінің қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, оларға құрмет пен  қамқорлық көрсететін ерекше күн.
 
▪️Осы мереке күні  аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Нұрымбетова бастаған сот ұжымы аудандық сотта 40 жылдан астам абыройлы еңбек еткен, қазіргі таңда зейнет демалысындағы Абилова Шолпан Бақпанқызының отбасына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
 
▪️Сот ұжымы ардагерге зор денсаулық, отбасына амандық тілеп, мерекелік сый-сияпат табыстады.
 
▪️Көрсетілген құрметке риза болған сот ардагері ұжымға шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі және ақ батасын берді.

Арал аудандық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған