▪️Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізілді.
 
▪️Семинарға департаменттің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот әкімшісі басшылары мен мамандары, сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М. Оралбаева қатысты.
 
▪️Семинарды Департамент басшысының орынбасары М.Оспанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
 
▪️М. Оралбаева қаржылық сауаттылық тақырыбындағы  баяндамасында қоғам тарапынан сын тудыратын әрекеттерден аулақ болу керектігін тілге тиек етті. Ол лудомания, интернет-алаяқтық, дроппер сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, олардың салдары туралы түсіндірме жүргізіп, құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу қажеттілігі жөнінде, интернет алаяқтарға алданып қалмау бойынша сақтық шараларымен бөлісіп, осы бағытта арнайы дайындалған бейнероликтерін көрсетті.
 
▪️Шара соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған